Accessibility links

Қырғызстанда парламент депутаты тұтқындалды


"Ата Жұрт" фракциясының жетекшісі Садыр Жапаров.

"Ата Жұрт" фракциясының жетекшісі Садыр Жапаров.

Қырғызстанның бас прокуратурасы парламенттегі "Ата-Жұрт" фракциясының жетекшісі Садыр Жапаровтың "заңсыз жолмен біреудің мүлкін жымқырып, пайдаланды" деген күдікпен тұтқындалғанын хабарлады.

Жапаров бұған дейін ұсталған бас прокуратура қызметкері Эльдар Мадылбековті тергеуге қатысты тұтқындалып отыр. Бірақ "Ата-Жұрт" фракциясы "Жапаровты тұтқындаудың саяси астары бар" деп мәлімдеме жасады.

Эльдар Мадылбеков - депутат, парламенттегі жемқорлықпен күрес комитетін басқаратын Тұратбек Мадылбековтың баласы. Тергеуші органдар "Эльдар Мадылбеков экс-президент Құрманбек Бакиевтің мүлкін заңсыз иеленіп, іске асырды" деп күдіктеніп отыр. Кейбір деректер бойынша, мемлекетке келген шығын көлемі 2 миллион АҚШ долларын құрайды.

Бас прокуратура өкілі Қаныбек Турдумамбетовтің айтуынша, бұл қылмыстық іс аясында "Ата-Жұрт" партиясының жетекшісі Қамчыбек Ташиевтен де жауап алу жайы қаралмақ.
XS
SM
MD
LG