Accessibility links

Әзербайжан президенті Францияға барды


Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен әйелі Мехрибан Әлиева. Баку, 7 қазан 2011 жыл.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен әйелі Мехрибан Әлиева. Баку, 7 қазан 2011 жыл.
Бүгін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен Францияға барды. Сапар барысында ол Франция президенті Франсуа Олландпен кездеспек.

Ильхам Әлиев бұған қоса Лувр мұражайындағы ислам өнеріне арналған көрменің ашылу салтанатына қатысуы тиіс. Президенттің әйелі Мехрибан Әлиева басқаратын Гейдар Әлиев атындағы қор Луврдағы қайта құру жұмыстарына қолдау көрсетіп, 2010 жылы 1 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлген. Осы жылы Мехрибан Әлиеваға Францияның ең мәртебелі ұлттық марапаты - Құрмет легионы орденінің офицері атағы берілген.

Сапар кезінде француз-армян диаспорасы армяндық әріптесін өлтіргені үшін сотталған әзербайжан офицері Рамиль Сафаровқа Әлиевтің рақымшылық жасауына наразылық акциясын өткізуді жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG