Accessibility links

Оралдық азамат «терроризм» айыбымен сотталды


Сот алдында тұрған азаматтар. (Көрнекі сурет)
Сот алдында тұрған азаматтар. (Көрнекі сурет)
Қыркүйектің 18-і күні Батыс Қазақстан облыстық соты Орал қаласының 42 жастағы тұрғынын - қылмыстық кодекстің 233-бабы 1-бөлімі (терроризм) бойынша айыпталған азаматты бес жылға соттады деп хабарлады «Интерфакс» агенттігі.

Сот бұл азаматтың 2008-2012 жылдары «экстремистік әдебиеттерді таратып, қарулы жиһадқа, экстремизм, терроризмге шақырғанын анықтады» деп жазады агенттік.

Сот барысында «айыбын толық мойындаған» айыпталушы жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейді.
XS
SM
MD
LG