Accessibility links

Ресей USAID-тың қызметіне тыйым салды


USAID агенттігінің логотипі. (Көрнекі сурет).

USAID агенттігінің логотипі. (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың USAID халықаралық даму жөніндегі агенттігі Ресейдегі қызметін тоқтатады. Мемлекеттік департаменттің хатшысы Виктория Нуланд агенттіктің Ресей үкіметінен қызметін тоқтату жөнінде ескертпе алғанын мәлімдеді. Ескертпеде Ресей билігі әлемде бейбітшілік орнату процестерін қолдау және дамытумен айналысатын агенттік қызметін тоқтатуға шешім қабылдағаны айтылады.

Виктория Нуландтың айтуынша, USAID-тың Ресейден кеткеніне қарамастан, "АҚШ осы елдегі азаматтық қоғамның дамуын, демократия мен адам құқықтарын қорғауды үнемі қолдай береді".

Шілдеде Ресей президенті Владимир Путин шетелден қаржылай көмек алатын үкіметтік емес ұйымдарды "шетел агенті" ретінде тіркеуден өтуге міндеттейтін даулы заңға қол қойған.

USAID-тың деректері бойынша, агенттік Ресейде қызмет істей бастаған 1992 жылдан бері мұнда түрлі бағдарламаларға екі жарым миллиард АҚШ долларынан астам қаржы бөлінген.
XS
SM
MD
LG