Accessibility links

Швецияда тұңғыш рет жатыр ауыстыру операциясы жасалды


Анасының құрсағында жатқан нәресте. (Көрнекі сурет).

Анасының құрсағында жатқан нәресте. (Көрнекі сурет).

Швеция дәрігерлері әлемде тұңғыш рет жатыр ауыстыру операциясын жасағанын хабарлады. Дәрігерлер екі швед әйеліне аналарының жатырын салған.

Гетеборг университетінің мамандары өткен жексенбіде жасалған операция аса күрделі болмағанын айтады. Бірақ олар "әйелдер дені сау бала тумайынша операцияны сәтті өтті деп айтуға болмайды" дейді.

Әйелдердің бірінің құрсағы жатыр мойыны рагына ұшырағандықтан алынып тасталған. Ал екінші қыз жатырсыз туған. Екі әйелдің де жасы 30-да. Дәрігерлер олардың аты-жөндерін жарияламады.
XS
SM
MD
LG