Accessibility links

Бішкек қаласы мэрінің бұрынғы орынбасары ұсталды


Бішкек қаласының бұрынғы мэрі Нариман Төлеев тұтқындалғаннан кейін журналистерге сұхбат беріп тұр. Бішкек, 22 маусым 2012 жыл.
Бішкек қаласының бұрынғы мэрі Нариман Төлеев тұтқындалғаннан кейін журналистерге сұхбат беріп тұр. Бішкек, 22 маусым 2012 жыл.
Қырғызстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысы болған деген күдікпен 2008-2010 жылдары Бішкек қаласы мэрінің орынбасары қызметін атқарған Валерий Корниенко тұтқындалды. Қазір ол Қырғызстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің уақытша қамау абақтысында отыр.

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, Корниенко кезінде Бішкек қаласын басқарған Нариман Төлеевке қатысты тергеулер аясында ұсталған. Бішкек мэрі де қызметінде сыбайлас жемқорлық және қаржылық алаяқтық жасады деген күдікпен қамауда отыр.

Төлеев пен Корниенко да 2010 жылы сәуірде президент Құрманбек Бакиев режиміне қарсы халық толқуларында қызметтерінен айырылған еді.
XS
SM
MD
LG