Accessibility links

Владимир Путин Қырғызстанға барды


Владимир Путин Ресей мен Қазақстан арасындағы 9-аймақтық ынтымақтастық форумында. Павлодар, Қазақстан, 19 қыркүйек 2012 жыл.
Владимир Путин Ресей мен Қазақстан арасындағы 9-аймақтық ынтымақтастық форумында. Павлодар, Қазақстан, 19 қыркүйек 2012 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен келіссөздер жүргізу үшін Бішкекке барды. Екі ел басшылары Қырғызстандағы Ресей әскери базаларының жалға алу мерзімін ұзарту және Қырғызстанның Ресейге берешек 500 миллион АҚШ доллары қарызын жою бойынша келісімдер жасаспақ.

Владимир Путиннің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, Қырғызстанның қарызын жою мәселесі екі ел арасындағы ынтымақтастық аясында кеңінен талқыланады. Кездесуде Қырғызстанда екі су электр станциясын салу және іске қосу туралы келісім жайы да сөз болуы мүмкін.

Владимир Путин Қырғызстанға сапарының алдында Қазақстанға келген. Қазақстанда ол президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, аймақтық ынтымақтастық форумына қатысты.
XS
SM
MD
LG