Accessibility links

Ғалымдар: Арктикадағы мұздықтар азайып барады


Арктика.

Арктика.

АҚШ-тың қар және мұздықтар жөніндегі ұлттық ақпарат орталығы Арктикадағы мұздықтардың аумағы 3,42 миллион шаршы шақырымға азайды деп хабарлады. Бұл Арктикаға 1979 жылы спутниктік бақылау жасала бастағаннан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Соңғы рет, 2007 жылы қыркүйекте тіркелген Солтүстік мұзды мұхиттағы мұздықтардың көлемі 4,17 миллион шаршы шақырым болған.

Қыс қатты болған жылдары мұздықтар көлемі ұлғайып, ал жылыған кезде азайып тұрады. АҚШ-тың қар және мұздықтар жөніндегі ұлттық ақпарат орталығының деректеріне қарағанда, соңғы 30 жылда мұздықтар көлемінің азаю үрдісі байқалған. Орталық ауа-райының өзгеріп отыруы мұздықтар көлемінің одан ары кішіреюіне себеп болатынын айтады.
XS
SM
MD
LG