Accessibility links

Айтқұловтың соты 24 қыркүйекте Қызылордада басталады


Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Амангелді Айтқұлов.Жаңаөзен, 18 желтоқсан 2011 жыл.

Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Амангелді Айтқұлов.Жаңаөзен, 18 желтоқсан 2011 жыл.

Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Амангелді Айтқұловтың үстінен қозғалған іс бойынша сот 24 қыркүйекте Қызылордада басталады деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Қаракөз Сәрсенбаеваның айтуынша, соттың ашық я жабық түрде жүретіні сот басталатын күні белгілі болады. Істі облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соты жүргізбек.

Амангелді Айтқұловқа аса ірі көлемде пара алды және қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыптар тағылған. Тергеушілердің айтуынша, Айтқұлов 2008 жылы "Өзенмұнайгаз" компаниясы директорының орынбасары болып тұрған кезде "Өзенқұрылыс" компаниясының директорынан пара алған.
XS
SM
MD
LG