Accessibility links

Ғалымдар «Иса пайғамбардың әйелі» жайлы сөз қозғай бастады


Иса пайғамбардың суреті салынған ту. Көрнекі сурет.

Иса пайғамбардың суреті салынған ту. Көрнекі сурет.

Гарвард университетінің ғалымы христиандықтың алғашқы ғасырларына жататын папирустағы жазбаларды оқып, онда Иса пайғамбардың «әйелі туралы айтқанын» жариялады.

Guardian («Гардиан») басылымы 20 қыркүйектегі санында Иса пайғамбарғардың жеке өміріне қатысты пайда болған тың дерекке орай мақала басты.

ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЕВАНГЕЛИЕЛЕР

Мақала авторы Том Олландтың жазуына қарағанда, адамзаттың ежелгі заман тарихына қатысты қолда бар мәліметтер тым жұпыны, әсіресе діннің эволюциясына қатысты деректер тым аз. Бұған ол христиандықтың тарихын мысалға келтіреді.

«Ортодокс деген түсініктің өзі күрделі жағдайда және ұзақ уақыт бойына қалыптасты. Бұдан кейін христиандықтың ұстанымдары мен қағидалары бекітіліп, дін талас тудырып, «дінді кері тартады» деген ой-түсініктің бәрінен тазартылды» дейді ол. Осының нәтижесінде христиандардың ерте ғасырларда өздерінің діндері туралы айтып қалдырған деректері жойылуы немесе «құлыптаулы күйінде» сақталуы тиіс болды.

Папирустың түпнұсқасының қайдан шыққаны беймәлім болғанымен, оның көшірмесінің Египетте сақталғанына күмән жоқ дейді автор. Басты себебі папирустағы үзіндінің тек копт тілінде жазылғандығында емес. Египеттің шөлі мен сусылдақ құмдары астында белгісіз күйде қалып қойған қалашықтарда сақталған мәтіндер бар. Олардың кейбірін кейін қайта қазып алып отырған.
Евангелие. Көрнекі сурет

Евангелие. Көрнекі сурет


«Кейде олардың арасынан жоғалып кеткен классикалық әдебиеттің тамаша жәдігерлері табылып отырған. Солардың арасындағы ең әйгілілері – еретик деп танылған евангелиелер» екенін айтады автор.

Бұл евангелиелердің («Ізгі хабар» немесе Иса пайғамбардың өмірі туралы жазбалар - ред.) күпірлік деп танылуы біріншіден қазіргі жыл санау бойынша төртінші ғасырда христиандықты қамқорлығына алған Рим империясының гүлденуімен байланысты. 367 жылы, Никея соборында христиандықтың басты қағидалары қабылданғаннан 40 жылдан астам уақыттан соң Александрияның танымал архиепископы Афанасий өзінің қол астындағы шіркеулерге хат жазады. Хатында ол Жаңа өсиетті құрауы тиіс 27 кітапты атап көрсетіп, олардан өзгесін оқуға тыйым салады.

Мақала авторы тыйым салынғандардың арасында Гарвард университетінің профессоры Карен Кинг жариялаған Иса пайғамбардың әйелінің евангелиесі де болуы мүмкін дейді.

ҚАЙТА ҚОЗДАҒАН ДАУ

Кингтің жазбасында мәтіннің төртінші ғасырға жататыны айтылады. Бұл кезде Жаңа өсиетті құрайтын төрт евангелиеден басқа діни жазбалардың барлығына Египетте тыйым салынып жатқан. Профессор Карен Кинг Иса пайғамбар мен оның шәкірттері арасындағы түпнұсқа делінген диалогты екінші ғасырдың екінші жартысында жазылды деп ұйғарады. Бұл Никей соборында қалыптасқан христиан діни қағидалары бойынша «ересь» – дінді бұзатын күпір тақырыптардың бірі - Иса пайғамбардың жеке өміріне қатысты дауға қайта ұласты. Кейбір христиандар адам тәні мен жаны айықпас дертке ұшыраған десе, кейбіреулері үйлену және бала сүю арқылы құтқарылуға болады деп санады.
Леонардо да Винчидің Миландағы әйгілі "Ғайсаның соңғы қонақасы" картинасы.

Леонардо да Винчидің Миландағы әйгілі "Ғайсаның соңғы қонақасы" картинасы.


Өстіп жүргенде, ұзақ уақыт жоғалып кеткен өзге бір әйгілі евангелиенің нұсқасы – Филиптің евангелиесі Египеттен қайта табылды. Онда Иса пайғамбардың Мария Магдалинаны «ернінен сүйгендігі» келтіріледі. «Иса пайғамбардың әйелі жайлы евангелие» бір кездері христиандар қызу талқылаған таласқа дем бергендей болды.

«Евангелие «Иса пайғамбар Мария Магдалинамен жақындасқан ба» деген сұрақты былай қойғанда, «Ол үйленген бе?» деген сұрақты қайта көтереді. Иса пайғамбар туғаннан екі ғасыр өткен соң жазылған және оның жеке өмірінің кей сәттері идеологиялық себеппен өшіріліп тасталған евангелие Код да Винчи теориясын жақтайтындар үшін қажет шығар. Бірақ ол екінші жағынан христиандық тарихындағы құпия жайттарға назар салуға мүмкіндік беріп, діндердің өткен шақтардағы адамдардың теріс мақсаттағы бұрмалауларына қарамастан өзін-өзі қалай қайта түлетіп шығара алатынын көрсетеді» деп жазады мақала авторы.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG