Accessibility links

АҚШ Ауғанстаннан қосымша әскери күшін шығарды


АҚШ сарбаздары қорғаныс бекетінде отыр. Көрнекі сурет.

АҚШ сарбаздары қорғаныс бекетінде отыр. Көрнекі сурет.

Ауғанстанға 2009 жылы Талибан бүлікшілеріне тосқауыл қою мақсатында АҚШ президенті Барак Обаманың шешімі бойынша енгізілген АҚШ-тың 33 мың сарбаздық қосымша әскери контингенті ол елден толық шығарылды. Бұл туралы америкалық ресми тұлғалар хабарлады.

Қосымша контингентті Ауғанстаннан шығару шарасы бірнеше айға жалғасты. Қазір Ауғанстанда НАТО күштерінің құрамында АҚШ-тың 68 мың әскері қалды.

Ақ үйдің жоспары бойынша, Ауғанстанда қалған АҚШ әскері 2014 жылдың соңына дейін ол елден әкетілмек.
XS
SM
MD
LG