Accessibility links

Ресейде «Демократиялық таңдау» партиясы тіркелді


Ресейдің «Демократиялық таңдау» қозғалысының жетекшісі Владимир Милов. 25 қыркүйек 2010 ж.

Ресейдің «Демократиялық таңдау» қозғалысының жетекшісі Владимир Милов. 25 қыркүйек 2010 ж.

Ресейдің әділет министрлігі «Демократиялық таңдау» («Демократический выбор») атты саяси партияның ресми тіркеуге алынғаны туралы хабарлады.

Жаңадан тіркелген саяси ұйым осы аттас оппозициялық қоғамдық бірлестіктің негізінде құрылды, бұл қозғалыс кейінгі кезде «Яблоко» партиясымен одақтас болып келген еді. Жаңа саяси партияның жетекшісі Владимир Милов бұрын Ресейдің Халық еркіндігі партиясының (ПАРНАС) тең төрағасы болған.

Ресейде саяси партиялар туралы заң өзгерістері күшіне енген соң соңғы жарты жылда 30-дан астам партия ресми тіркеуден өтті.
XS
SM
MD
LG