Accessibility links

Алматылық 112 полицей аттестациядан өтпеді


Алматы көшелерінде жүрген полицейлер. (Көрнекі сурет).

Алматы көшелерінде жүрген полицейлер. (Көрнекі сурет).

Алматылық 112 полицей "аттестация қорытындысы бойынша" қызметінен босатылады деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Департаменттің дерегі бойынша, бүгінге дейін алматылық 4 мың 548 полицей кезектен тыс аттестацияда сынақ тапсырған.

Аймақтық аттестациялық комиссия қорытындысы бойынша 4 мың 96 полицей "лауазымына лайық" деп танылған. 142 полицей "лауазымына лайық емес" деп танылып, оларды басқа қызметке ауыстыру қажет. "Лауазымына лайық емес" деп танылған тағы 112 полицей қызметінен босатылуы тиіс деген қорытынды жасалған.
XS
SM
MD
LG