Accessibility links

Ислам елдерінде тағы наразылық шарасы өтпек


Пәкістан мұсылмандары исламға қарсы фильмге наразылық танытып тұр. Карачи, 19 қыркүйек 2012 жыл.

Пәкістан мұсылмандары исламға қарсы фильмге наразылық танытып тұр. Карачи, 19 қыркүйек 2012 жыл.

Бүгін бірқатар мұсылман елдерінде АҚШ-та түсірілген исламға қарсы фильм мен француздық сатиралық журналда жарияланған Мұхаммед пайғамбардың карикатурасына наразылық шаралары өтпек.

Бүгінгі акцияларға халық көптеп қатысады деген болжам бар. Себебі мешіттерде жұрт жұма намазына жиналады.

Пәкістан үкіметі бүгінгі күнді "Пайғамбарға деген махаббат күні" деп жариялап, мұсылмандарды наразылықты бейбіт түрде өткізуге шақырды. Пәкістан қалаларында көшеге мыңдаған адам шығады деген жорамал бар.

Кеше пәкістандық телеарнадан АҚШ президенті Барак Обама мен мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонның мұсылмандар Мұхаммед пайғамбарды қорлайды деп санайтын фильмді айыптап сөйлеген сөздерінен үзінділер берілді. Ресми Исламабад осылайша фильмнің АҚШ үкіметінің тапсырмасымен түсірілмегенін және оның мазмұнына жауап бермейтінін көрсеткісі келеді.

Францияның 20-дан астам мемлекеттегі елшіліктері бүгін қауіпсіздік мақсатында жұмыс істемейді.
XS
SM
MD
LG