Accessibility links

Қазақстан мектептеріне діни курс енгізілмек


Орта мектепке арналған дінтану оқулығы. (Көрнекі сурет).

Орта мектепке арналған дінтану оқулығы. (Көрнекі сурет).

Қазақстан мектептерінде ислам діні жайлы түсінік беретін факультативтік курс енгізіледі деп хабарлайды BNews.kz агенттігі. Бұл туралы бүгін агенттіккке сұхбат берген білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты.

Жұмағұловтың айтуынша, курс оқушыларға "дәстүрлі ислам мен радикалды діни ағымдар арасындағы айырмашылықтарды" түсіндіреді. Курс 9-сыныптарға факультативтік оқу ретінде енгізілмек.

Министрдің айтуына қарағанда, бұл курс университеттерге де оқу пәні ретінде енгізіледі. Ал кураторлар "тәрбие жұмыстары аясында осы бағытта жұмыс жасамақ".

Министр Жұмағұлов қазір барлық университеттерде "радикалды қандай ағымдар барын, дәстүрлі діннің қайсы екенін білетін, оны студенттерге түсіндіре алатын" топтар құрылғанын да айтты.
XS
SM
MD
LG