Accessibility links

ҚМДБ даулы фильмді айыптады


Қазақстан мұсылмандары исламға қарсы түсіріліп, әлем мұсылмандарының наразылығын тудырған "Мұсылмандардың күнәсіздігі" атты фильмді айыптайды. Бұл туралы мәлімдеме бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) ресми сайтында жарияланды.

Мәлімдемеде Қазақстан мұсылмандарының фильмді айыптайтыны, бірақ бұл "арандатушы" фильмге зорлық-зомбылық жасау арқылы наразылық танытпауға шақыратыны айтылады.

Мұхаммед пайғамбарды алаяқ және әйелқұмар етіп көрсеткен даулы фильмге қарсы бірнеше мұсылман елінде өтіп жатқан наразылық акцияларында жиыны 20-ға тарта адам қаза тапты.

Мұсылмандар діни басқармасы соңғы кездері Атырауда болып жатқан қылмыстық оқиғалардың "исламмен байланысы жоқ екенін" де айтады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG