Accessibility links

Бенгазидегі қақтығыста үш адам мерт болды


Қарумен тұрған "Ансар әл-Шария" тобының мүшелері. Видеотаспадан көрініс.

Қарумен тұрған "Ансар әл-Шария" тобының мүшелері. Видеотаспадан көрініс.

Ливияның Бенгази қаласында бүгін таңертең қақтығыс салдарынан кемінде үш адам қаза болып, 20 адам жарақат алған.

Жұма күні Бенгазиде шеруге шыққан жүздеген адам "Ансар әл-Шария" қарулы тобының штабына басып кіріп, ғимараттың төбесіндегі туды жұлып тастаған. Наразы жұрт исламшыл радикалды топтарды қарусыздандыруды және олардың базаларын әскери бөлімшелердің қоластына өткізуді талап еткен. Сонымен бірге өткен аптада шетелдік елшілікке жасалған шабуылды айыптаған.

Қыркүйектің 11-і күні бір топ адам Бенгазидегі АҚШ елшілігінің ғимаратына әуелі шабуылдап басып кіріп, кейін өрт қойған еді. Оқиға барысында АҚШ-тың Ливиядағы елшісі Кристофер Стивенс және елшіліктің тағы үш қызметкері мерт болды.

Ресми Вашингтон бұны "террорлық шабуыл" деп бағалап, қылмыс жасалғандар жазаға тартылатын болады деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG