Accessibility links

Facebook арқылы шақыруға келгендер төбелес шығарды


Facebook әлеуметтік желісінің белгісі.

Facebook әлеуметтік желісінің белгісі.

Жұма күні Нидерландының Харен қалашығында жастар мен полиция арасында болған қақтығыс салдарынан алты адам жарақат алды деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары.

Тәртіпсіздік кезінде полицияға бағынбағандар дүкендердің әйнектерін шағып, көшеде тұрған көліктерді өртеген, жол бойындағы белгілер мен көше шамдарын сындырған. Полиция көшедегі тәртіпсіздіктерге қатысқан 20 адамды ұстаған.

Бұл оқиғаға Facebook әлеуметтік желісі арқылы жолданған шақыру хатында кеткен қателік себеп болғаны айтылып жатыр. 16 жастағы қыздан қонаққа шақыруды жақын достары ғана емес, барша жұрт алған. 18 мың тұрғыны бар қалашықта үш мыңдай адам әлгі қыздың үйіне бара жатқан жолда полиция оларды тоқтатып, тарқатуға әрекет жасаған.
XS
SM
MD
LG