Accessibility links

Митт Ромни табысы туралы деректерді жариялады


АҚШ президенттігіне кандидат Митт Ромни.
АҚШ президенттігіне кандидат Митт Ромни.
Республикалық партиядан АҚШ президенттігіне кандидат Митт Ромни өзінің салық декаларциясындағы деректерді жариялады.

Ондағы мәліметтер бойынша, былтырғы жылы 13,7 миллион доллар табыс тапқан Ромни ол сомадан 1,9 миллион долларды салық ретінде төлеген.

Бұған дейін саяси бәсекелестері Ромниді салық декларациясын жұртшылыққа жариялауға шақырып келген еді. Олар Ромниді салықтан жалтару үшін әрқилы амалдарды қолданған деп сынаған болатын.

Митт Ромнидің табысының негізгі бөлігін түрлі инвестициялардан алынған дивидендтер құрайды. Ол сондай-ақ қайырымдылық жасаушы ретінде салық жеңілдіктерін пайдаланады.
XS
SM
MD
LG