Accessibility links

Пәкістанда АҚШ ұшағы үш адамды өлтірді


АҚШ-тың өздігінен ұшатын аппараты.
АҚШ-тың өздігінен ұшатын аппараты.
Бүгін Пәкістанның Ауғанстанмен шекаралас Солтүстік Вазиристан аймағында кетіп бара жатқан автокөлікті АҚШ-тың өздігінен ұшатын аппараты әуеден зымыранмен атып, кемінде үш адамды мерт қылған. Өлгендер бүлікшілер деген күдік бар, бірақ олардың аты-жөндері айтылған жоқ.

Бұл ақпаратты пәкістандық ресми орындар хабарлаған, АҚШ әскери басшылығы әзірге бұл туралы ештеңе айтпады. Бүгінгі операция Пәкістанның сыртқы істер министрі Хина Раббани Хардың Вашингтонға сапары кезінде жасалып отыр.

АҚШ бұған дейін де өздігінен ұшатын аппараттардың көмегімен Солтүстік Вазиристан аймағында Талибан қозғалысы мен әл-Қаида мүшелеріне және өзгеде экстремистік ұйымдардың өкілдеріне қарсы арнайы операциялар жүргізген. Пәкістан билігі оларды мемлекеттің егемендігіне қол сұғу деп бағалап, наразылық білдірген болатын.
XS
SM
MD
LG