Accessibility links

165 мектепте ағылшын тілі екінші сыныптан оқытыла бастады


Алғашқы қоңырауда тұрған мектеп оқушылары. Көрнекі сурет.

Алғашқы қоңырауда тұрған мектеп оқушылары. Көрнекі сурет.

Қазақстанда 165 мектепте екінші сыныптың оқу бағдарламасына ағылшын тілін енгізу тәжірибесі басталды. Бұл туралы Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«165 мектептің екінші сынып оқушылары тәжірибе аясында ағылшын тілін игере бастады. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап еліміздің мектептерінде ағылшын тілін 1 сыныптан бастап оқытуды кезең-кезеңмен енгізу үдерісі басталады, осы мақсатта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты бекітіліп отыр» делінген министрліктің хабарламасында.

Министрліктің ақпараты бойынша, екінші сыныптан бастап ағылшын тіліне оқытуды ұйымдастыру тәжірибесіне бастауыш білім жүйесінің 2 мыңнан астам осы пәннің мұғалімі жұмылдырылған.

Қазақстанда 7,4 мыңнан астам жалпы білім беретін мектеп бар, оларда барлығы 2,46 миллион шәкірт білім алады.
XS
SM
MD
LG