Accessibility links

Алматыда қазақ тілін қолдауға арналған жиын басталды


Қазақ тілін қолдау жиынына келгендер. Алматы, 22 қыркүйек, 2012 ж.

Қазақ тілін қолдау жиынына келгендер. Алматы, 22 қыркүйек, 2012 ж.

Бүгін Алматыдағы «Сарыарқа» кинотеатрының жанындағы алаңда «Мемлекеттік тілді қолдау» жиыны басталды деп хабарлайды осы шара өтіп жатқан жерден Азаттық тілшісі. Дәл қазір ол жерге бірнеше ондаған адам жиналған, жұрт әлі де келіп жатыр.

Белгіленген уақыттан жарты сағатқа кешігіп басталған жиында Қазақстандағы қазақ тілінің қазіргі жай-күйі сөз болмақшы. Бұл шараға келгендердің арасында кейбір қоғам белсенділері, ақын-жазушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.

Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайын айтып арнайы шара өткізу туралы бастама көтерген бірқатар қоғамдық қозғалыстар мен жастар ұйымдарына қалалық әкімшілік жексенбі күні түскі үштен бастап екі сағаттық жиын өткізуге рұқсат берген.

Бүгін - Қазақстан халықтарының тілдері күні. Осыдан тура 23 жыл бұрын, 1989 жылы қыркүйектің 22-күні Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданған еді. Ол заңда, сол кездегі Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі - ұлтаралық тіл деп бекітілген болатын.
XS
SM
MD
LG