Accessibility links

Беларусь: сайлаушылардың 20 пайыздайы алдын ала дауыс берді


Оппозициялық белсенділер (солдан оңға): Анатолий Лебедько, Виталий Рымашевский және Геннадий Федынич баспасөз мәслихатында. Минск, 21 қыркүйек 2012 ж.
Оппозициялық белсенділер (солдан оңға): Анатолий Лебедько, Виталий Рымашевский және Геннадий Федынич баспасөз мәслихатында. Минск, 21 қыркүйек 2012 ж.
Беларусь елінде жексенбі күні өтетін парламент сайлауына қазірге дейін сайлаушылардың 20 пайызға жуығы алдын ала дауыс беріп қойды. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Николай Лозовик мәлімдеді деп хабарлады «Интерфакс» агенттігі.

«Төрт күннің ішінде республика бойынша жалпы алғанда сайлаушылардың 19,6% дауыс берді» деді Лозовик. Оның айтуынша, Витебск, Гомель және Могилев областарында сайлаушылардың 20% астамы дауыс берген. «Сайлау ұйымдасқан түрде, сайлау заңына сәйкес, ешқандай бұрмалаусыз, қалыпты жағдайда өтіп жатыр» деген Лозовик.

Жұма күні Беларусьтің алты оппозициялық ұйымының өкілдері сайлаушыларды осы жексенбіде өтетін парламент сайлауына бойкот жариялауға шақырған еді. Оппозицияның белсенділерін ұстаған биліктің ісін сынаған олар президент Лукашенконың саяси қарсыластары түрмеде отырған кезде елде әділетті және еркін сайлау өтуі мүмкін емес деп мәлімдеді.

Беларусь мемлекетін 1994 жылдан үздіксіз басқарып отырған президент Александр Лукашенконың билігі елдегі саяси оппозиция мен тәуелсіз ақпарат құралдарын қудалауға алып, қысым жасап келе жатқаны үшін халықаралық ұйымдар мен батыс елдері тарапынан үнемі сынға ұшырайды.
XS
SM
MD
LG