Accessibility links

Беларусьтегі сайлауда 109 депутат сайланды


Беларусь әйел сайлауда дауыс беріп тұр. Минск, 23 қыркүйек 2012 жыл.

Беларусь әйел сайлауда дауыс беріп тұр. Минск, 23 қыркүйек 2012 жыл.

Беларусьте жексенбідегі сайлауда парламенттің төменгі палатасындағы 110 депутаттық орынға 109 адам сайланды. Алғашқы кезеңде-ақ сайланған 109 адамның барлығы - билік партиясының өкілдері мен оны қолдайтындар. Тек бір ғана округте президент Александр Лукашенконы қолдайтын кандидат сайланбай, дауыс беру екі рет жүргізілді.

Орталық сайлау комиссиясының дерегі бойынша, сайлауға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 74 пайызы қатысқан. Мұның 26 пайызы сайлау күнінен бірнеше күн бұрын мерзімінен бұрын дауыс беру кезінде тіркелгендер. Оппозиция мерзімінен бұрын дауыс беруді "сайлауды бұрмалаудың оңтайлы тәсілі" деп атады.

Оппозициялық бақылаушылар дауыс бергендер саны ресми деректерден әлдеқайда төмен екенін айтады. "Беларусь христиан демократиясы" ұйымы бақылаушыларының дерегінше, өздері бақылаған елдегі 200 сайлау учаскесінде тіркелген сайлаушылардың 39 пайызы ғана дауыс берген.

Демократиялық партиялардың көбі сайлауға байкот жариялап, оның нәтижелерін мойындамайтынын мәлімдеген еді. Олар мұнысын әділ сайлау болмайды және дауыс беру нәтижелері бұрмаланады деп түсіндірген.
XS
SM
MD
LG