Accessibility links

Исламабад даулы фильм авторын өлтіруді қолдамайды


Пәкістан мұсылмандары исламға қарсы фильмге наразылық шарасында. Исламабад, 21 қыркүйек 2012 жыл.
Пәкістан мұсылмандары исламға қарсы фильмге наразылық шарасында. Исламабад, 21 қыркүйек 2012 жыл.
Пәкістан үкіметі исламға қарсы "Мұсылмандардың пәктігі" фильмінің авторын өлтірген адамға сыйақы беретінін мәлімдеген министрдің ұсынысына еш қатысы жоғын мәлімдеді.

France Press агенттігіне сұхбат берген премьер-министрдің баспасөз хатшысы министрдің ұсынысы Пәкістан үкіметінің ресми ұстанымы емес екенін айтқан.

Теміржол министрі Гулам Ахмед Билур Талибан мен "Әл-Қаида" қозғалысын фильм режиссерін өлтіруге шақырып, оның басына 100 мың АҚШ долларын тігетінін хабарлаған. Ол қолынан келсе, фильм авторын өз қолымен өлтіруге де даяр екенін айтқан.

АҚШ-та түсірілген "Мұсылмандардың пәктігі" фильмі мен француздың сатиралық журналында жарияланған Мұхаммед пайғамбардың карикатурасына қатысты Пәкістанда өткен аптада бастаған наразылықтарда 23 адам қаза тапты.

Пәкістандық телеарналар АҚШ президенті Барак Обама мен мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның фильмді айыптап сөйлеген сөздерін көрсетті.
XS
SM
MD
LG