Accessibility links

Афиныда даулы фильмге наразылық танытты


"Мұсылмандардың пәктігі" фильміне түскен актриса Синди Ли Гарсия.
"Мұсылмандардың пәктігі" фильміне түскен актриса Синди Ли Гарсия.
Жексенбі күні Афиныда мұсылмандар дау тудырған "Мұсылмандардың пәктігі" фильміне қарсы наразылық акциясына шықты.

Ресми хабарларға қарағанда, митингіге 600-ге тарта адам қатысты. Полиция демонстранттарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды. Алты адам ұсталды, зардап шеккендер жоқ.

Басқа мұсылман елдерімен салыстырғанда Грекиядағы наразылық шаралары бейбіт түрде өтті. Наразылықта үш жеңіл көлік зақымданып, үш дүкен қирады.

Шерушілер "Біздің барымыз - Мұхаммед" деп ұрандап, Мұхаммед пайғамбарды мазақтағандардың дереу жазалануын талап ететіндері туралы жазуы бар плакат ұстап шықты.

Полиция шерушілерді АҚШ елшілігіне қарай жібермей қойды.
XS
SM
MD
LG