Accessibility links

Серік Ахметов премьер-министр болып тағайындалды


Жаңадан тағайындалған премьер-министр Серік Ахметов.
Жаңадан тағайындалған премьер-министр Серік Ахметов.
Парламент мәжілісінің депутаттары президент Нұрсұлтан Назарбаевтың вице-премьер Серік Ахметовті премьер-министр қызметіне тағайындау ұсынысын қолдау туралы бірауыздан шешім қабылдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Назарбаев бүгін түске дейін Кәрім Мәсімовтің отставкаға кету туралы "өтінішін" қабыл алған еді. Отставкаға кеткен Кәрім Мәсімовті Назарбаев президент әкімшілігінің жетекшісі етіп тағайындады.
XS
SM
MD
LG