Accessibility links

Қызылордада Амангелді Айтқұловтың соты басталды


Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Амангелді Айтқұлов.

Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Амангелді Айтқұлов.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық сотында бүгін Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Амангелді Айтқұловтың үстінен сот процесі басталды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Алғашқы отырыста соттың ашық өтетіні белгілі болды. Бірақ оған алқа билер қатыспайды. Сотқа Айтқұловпен бірге "пара алуда делдалдық жасады" деп айыпталған Ізболсын Көлбаев та тартылған. Бірақ Көлбаевтың адвокаты келе алмауына байланысты сотта үзіліс жарияланып, келесі отырыс 26 қыркүйекке белгіленді.

Айтқұловқа "аса үлкен көлемде пара алды" және "Өзенмұнайгаз" компаниясы директорының орынбасары болып тұрғанда "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыптар тағылған.
XS
SM
MD
LG