Accessibility links

Сотталғандардың туыстары азаптауды айтуға Астанаға барды


Бүгін Қарағандыдағы АК 159/5 түрмесіндегі сотталғандардың бір топ туыстары сенат депутаттарына колониядағы азаптаулар жайлы баяндау үшін Астанаға барды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Қылмыстық атқару жүйесі департаменті ол түрмеде қыркүйектің бас кезінде «автозакқа отырғызу» кезінде бір тұтқынның «жүрек талмасынан» қайтыс болғанын хабарлаған еді. Сотталушы Виктор Кузьминнің әйелі Олеся Диденко күйеуінің түрмедегі азаптауларға шыдамай денесін жаралаған суретін көрсетті.

Бірақ депутаттармен емес, сенат аппаратының басшысы Қайрат Нұрпейісовпен кездескен шағымданушы топ өкілдері кездесуге көңілдері толмай, президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшысы Тастемір Әбішевке жолықты. «Әбішев біздің азаптауға қарсы комитет құру және түрмеге бару ұсынысымызды қолдады» дейді былтыр Қарағанды облысындағы түрмелердің бірінде қайтыс болған Шамиль Ярославлевтің туысы Руслан Оздоев.

Бұдан ары бас прокуратураға барған шағымданушылар онда қылмыстық атқару жүйесі комитетінің өкілімен кездесті. «Комитет өкілі бізді туыстарымызбен кездестіруге уәде берге соң шағымданушы әйелдердің көпшілігі айтар талап шағымдары туралы ұмытып та кетті» дейді ол.
XS
SM
MD
LG