Accessibility links

Құлсарыдағы атыста ұсталған Сапаров 2 айға қамалды


Күдіктілер бекінді деген үйдің маңындағы арнайы жасақ. Құлсары, 12 қыркүйек 2012 жыл. Сурет "Ақ Жайық" газетінің сайтынан алынды. (Көрнекі сурет).

Күдіктілер бекінді деген үйдің маңындағы арнайы жасақ. Құлсары, 12 қыркүйек 2012 жыл. Сурет "Ақ Жайық" газетінің сайтынан алынды. (Көрнекі сурет).

Атырау қаласының 2-соты 12-қыркүйек күні Атырау облысындағы Құлсары қаласында болған терроризмге байланысты "күдіктілерді ұстау операциясында" аман қалған Алдияр Сапаровты екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев хабарлады.

Ғалиевтің айтуынша, Сапаров қылмыстық кодекстің 233 бабы 4 тармағы бойынша ("терроризм") айыпталып отыр.

Бұған дейін Махамбет ауданы Бейбарыс селосының тұрғыны Алдияр Сапаровтың Құлсары қаласында болған қарулы қақтығыс кезінде жараланып, ауруханаға түскені хабарланған еді.
XS
SM
MD
LG