Accessibility links

Apple үш күнде бес миллион iPhone 5 сатты


iPhone 5 смартфонының таныстыру рәсімі. Сан-Франциско, 12 қыркүйек 2012 жыл.
iPhone 5 смартфонының таныстыру рәсімі. Сан-Франциско, 12 қыркүйек 2012 жыл.
Apple компаниясы саудаға шығарған алғашқы үш күнде әлемде жаңа iPhone 5 смартфонының бес миллион данасын сатты. Жаңа смартфон тоғыз елде сатыла бастады. Олардың арасында АҚШ, Франция, Канада, Жапония бар.

Осы аптаның соңына дейін смартфон тағы 22 елде сатыла бастайды. Ал жыл соңына дейін смартфонды 100 елдің азаматтары сатып ала алады.

Жаңа iPhone бұған дейінгі үлгілеріне қарағанда әлдеқайда жұқа, жеңіл және қуатты. Сатылған жаңа модельдің саны бұған дейінгі рекордтан асып түсті. Бірақ жоспарланған алты миллионға жетпеді.
XS
SM
MD
LG