Accessibility links

АҚШ Беларусьтегі парламент сайлауын сынады


АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд.
АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд.
АҚШ Беларусьте жексенбіде өткен парламент сайлауларын "не еркін, не әділ өтпеді" деп сынады.

Мемлекеттік департамент таратқан мәлімдемеде ЕҚЫҰ-ның сайлау қорытындысы бойынша дайындаған алдын-ала есебі келтіріледі. Онда сайлаушылар үшін таңдау еркіндігі шектелгендіктен сайлаудың бәсекеге лайық өтпегені, сайлау комиссиясының әділ болмағаны және дауыстарды санау процесінің дұрыс жүрмегені айтылады. Беларусь парламентіне сайланған 110 депутаттың арасында оппозицияның бірде бір өкілі жоқ.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуландтың мәлімдеуінше, адам құқықтары мен демократияны құрметтеу екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жақсартудың басты тетігі болып қала бермек.
XS
SM
MD
LG