Accessibility links

Назарбаев "Нұр Отанға" төрағаның орынбасарын тағайындады


«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының кеңсесі. (Көрнекі сурет).

«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының кеңсесі. (Көрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбіде "Нұр Отан" партиясының орталық аппаратына партия төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевты таныстырды деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Партияның төрағасы Назарбаев бұрынғы орынбасары Нұрлан Нығматуллиннің "табысты жұмыс істегенін", оның тұсында елде екі сайлау өткенін айтқан. Нығматуллиннің жұмысына "сайлау науқанын қарқынды жүргізді" деп баға берген Назарбаев жаңа басшыға "партия жұмысын осы деңгейде ұстап тұру қажет" екенін ескертіп, басқа да бірнеше тапсырмалар жүктеген.

Партия төрағасының орынбасары қызметін бұған дейін мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин атқарып келді.
XS
SM
MD
LG