Accessibility links

Грузияда түрмедегі азаптауға тағы наразылық танытты


Түрмедегі азаптауларға наразылық танытқандар. Тбилиси, 24 қыркүйек 2012 жыл.
Түрмедегі азаптауларға наразылық танытқандар. Тбилиси, 24 қыркүйек 2012 жыл.
Жүздеген адам дүйсенбіде Тбилиси көшелеріне шығып, грузин түрмелеріндегі азаптауларға алтыншы күн қатарынан наразылық танытты.

Өткен аптада жергілікті оппозициялық телеарналар Тбилисидің 8-түрмесіндегі абақты қызметкерлерінің тұтқындарды азаптап жатқаны жайлы видеожазба жариялаған. Осыдан соң елдің жазалау, пробация және заңдық көмек министрі, ішкі істер министрі қызметтерінен кеткен.

Бұл видеожазба 1 қазанда өтетін парламент сайлауы қарсаңында президент Михаил Саакашвилиге үлкен соққы болып тиді. Ол халыққа елдегі түрмелер мен қылмыстық атқару жүйесін түбегейлі қайта құруға уәде берді.

Саакашвилидің жақтастары оппозицияны түрме қызметкерлерін "сатып алып, арандатушылық әрекет жасады" деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG