Accessibility links

Алматы қаласының аумағы үлкейді


Алматы қаласының Көктөбеден қарағандағы көрінісі. (Көрнекі сурет).

Алматы қаласының Көктөбеден қарағандағы көрінісі. (Көрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының аумағын үлкейту туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Жарлық бойынша, қала аумағы Алматы облысының 11920,23 гектар аумағы есебінен үлкеймек. Оның 8360,52 гектары Қарасай ауданының, 3560,41 гектары Талғар ауданының аумағынан қосылады.

Жарлыққа 21 қыркүйекте қол қойылған.
XS
SM
MD
LG