Accessibility links

Астанада жатақхана тұрғындары наразылық танытты


Өндіріс көшесіндегі шағын отбасыларға арналған жатақхана. Астана, 5 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Өндіріс көшесіндегі шағын отбасыларға арналған жатақхана. Астана, 5 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Бүгін Астана қалалық әкімдігінің алдындағы орталық алаңда Өндіріс көшесіндегі шағын отбасыларға арналған жатақхана тұрғындары наразылық акциясын өткізді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, акцияға қатысқан 30 шақты тұрғын өздерін жатақханадан күштеп көшіруге наразылық танытты. Тұрғындар қолдарына "Тасмағамбетов, тастама!" деген жазуы бар плакат ұстап шықты. Акция біткен соң полиция наразылық білдірген он шақты адамды ұстап әкетті.

Астана қалалық әкімшілігі таяуда жатақхана орналасқан жер учаскесін "мемлекетке қажет" деп танып, қайтарып алу туралы қаулы шығарған. Осыған орай жатақхана тұрғындарына өтемақы немесе қаланың басқа бөлігінен (аумағы қазір тұрып жатқан бөлмелерімен бірдей) бөлме ұсынылған. Бірақ тұрғындар "өтемақы көлемі тым аз" деп отыр.
XS
SM
MD
LG