Accessibility links

Қорықтағы адам өліміне байланысты "радикалдарға" іздеу салынды


Іле алатау ұлттық паркінің өрттен кейінгі жағдайын бақылып жүрген ТЖМ-нің тікұшағы. Алматы, 7 қыркүйек 2012 жыл.
Іле алатау ұлттық паркінің өрттен кейінгі жағдайын бақылып жүрген ТЖМ-нің тікұшағы. Алматы, 7 қыркүйек 2012 жыл.
Іле Алатау ұлтық паркіндегі жаппай адам өліміне байланысты "радикалды ислам ағымының екі мүшесі" іздестіріліп жатыр. Бұл туралы 25 қыркүйек күні ҚазТАГ агенттігі Алматы облыстық полициясының бағыттамасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Агенттік келтірген үзіндіде: «Қылмыстық істі жасағаны үшін Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Саян Хайров және Жамбыл облысының тұрғыны Зәуірбек Ботабаев іздестірілуде. Бұл адамдар радикалды ислам ағымының мүшелері» деген жолдар бар.

ҚазТАГ-тың жазуынша, бағыттамада полицейлер екі күдіктіде қару болуы мүмкін екенін ескертіп, олардың «құқық қорғау органдарына қарсы террорлық әрекет жасауға оқталып отырғанын» жазған.

Бұған қоса, агенттік Іле Алатау ұлттық саябағында жасалған қылмыстың жаз айларында Тау самалындағы арнайы операция кезінде қаза тапқан топ мүшелеріне қатысы барын жазды.

Агенттіктің хабарлауынша, жақында ғана сол топқа қатысы болуы мүмкін ақтөбелік азамат - Мұханбетқалиев ұсталған.

«Менің ойымша, Мұханбетқалиев топтың барлық істерінен алшақ болған сияқты. Көлік сатып, телефонмен сөйлескен. Ол қазір Қарасай аудандық полициясының уақытша қамау изоляторында қамауда. Көлігінен шолақ мылтық табылғаны болмаса, оған ресми түрде ешқандай айып тағылған жоқ. Бас прокурор тергеу үшін оны сол жақтан этаппен жеткізуге рұқсат берген» деген адвокаты Ермұрат Мұқанов агенттікке.

2012 жылы 11 шілдесінде Алматы облысының Тау самалы кентінде жүргізілген арнайы операция кезінде сегіз адам қаза тапқан еді. Мерт болған адамдардың арасында балалар да бар екені хабарланды. Бұл оқиғаға байланысты «терроризмге дайындалу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді.

Ал тамыз айының ортасында Іле Алатау ұлттық паркінің аумағынан 11 адамның мәйіті табылған еді. Олардың арасында ұлттық парктің қорықшысы Панайота Захаропулоның да мәйіті болған.

Бұл оқиғаға байланысты адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу тобының жетекшісі ретінде ішкі істер вице-министр Қайрат Тыныбеков бекітілген еді.

Бұған дейін күдікті ретінде қорықшы Алексей Шкилев те қамауға алынып, оған «заңсыз қару сақтағаны» үшін айып тағылған. Ақпарат бойынша, қазір іздеу жарияланған мерт болған қорықшының 51 жастағы баласы Игорь Захаропулов әлі табылмаған.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG