Accessibility links

Pussy Riot Сахаров сыйлығына ұсынылды


Pussy Riot панк тобының әншілері сот залында. Мәскеу, 17 тамыз 2012 жыл.
Pussy Riot панк тобының әншілері сот залында. Мәскеу, 17 тамыз 2012 жыл.
Советтік диссидент Андрей Сахаров атындағы сыйлықты ұйымдастырушылар биылғы жылдың номинанттарын атады. Олардың арасында түрмеде отырған ресейлік Pussy Riot панк тобының әншілері, ирандық режиссер Джафар Панаги және беларусь құқық қорғаушысы Александр Беляцкий бар. Беляцкий де қазір түрмеде отыр.

Ресей билігі Еуропарламенттің Pussy Riot-ты сыйлыққа ұсынғанын сынап, оны елдің ішкі ісіне араласу деп атады.

Жүлдесі 70 мың АҚШ доллары болатын ақшалай сыйдың иегерлері 26 қазанда жарияланады. Өткен жылы Сахаров сыйлығына "араб көктемінде" маңызды роль атқарды делінген араб елдерінің бес азаматы ие болған. Олардың арасында тунистік жеміс сатушы Мұхаммед Буазизи бар. Оның өзін-өзі өртеп жіберуі Тунисте халықтың жаппай наразылық толқуларына шығуына түрткі болған.

Андрей Сахаров атындағы сыйлық алғаш рет 1988 жылы берілген.
XS
SM
MD
LG