Accessibility links

Грузиядағы азаптауға діндарлар да наразылық танытты


Тбилисидегі наразылық акциясы. 25 қыркүйек 2012 жыл.
Тбилисидегі наразылық акциясы. 25 қыркүйек 2012 жыл.
Грузия астанасы Тбилисиде праволсавие дінін ұстанушылар түрмедегі азаптауларға наразылық танытып, көшеге шықты.

Тбилисиде өткен аптада оппозициялық телеарналарда Тбилисидегі 8-түрме қызметкерлерінің тұтқындарды азаптап жатқаны жайлы видео жазба жария болғаннан бері наразылық шаралары күшейген.

Наразылық акциясына шыққан діни қызметкер Шальва Кекелияның айтуынша, шіркеу қызметкерлері және діни семинария мен академияның студенттері тұтқындарды азаптауға наразылық танытып, оларға және отбасыларына қолдау білдіруге шыққан. "Тұтқындарды азаптаған видеожазба жантүршіктіреді" дейді ол.

Видеожазбадан соң Грузияның түрме, пробация және заңдық көмек министрі мен ішкі істер министрі қызметтерінен кетті. Ал президент Михаил Саакашвили тұтқындарды азаптағандарды жазалап, түрме жүйесін қайта құруға уәде берді.
XS
SM
MD
LG