Accessibility links

Египетте телеарна қызметкерлері христиандықты қорлады деп айыпталды


Исламды қаралайтын фильмге қарсы шеруге шыққандар. Каир, Египет, 14 қыркүйек 2012 жыл.

Исламды қаралайтын фильмге қарсы шеруге шыққандар. Каир, Египет, 14 қыркүйек 2012 жыл.

Египетте жергілікті "Әл-Омма" телеарнасының иесі мен оның ұлы Інжілді өртегені үшін сотқа тартылатын болды.

Египеттің мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, телеарна иесі Ахмед Мұхаммед Абдулла мен оның ұлына "христиан дінін қорлады" деген айып тағылды. Тәуелсіз "Әл-Тахрир" газетінде істейтін Хани Яссин Гадаллахқа да осындай айып тағылды.

Айыптаушылар Ахмед Мұхаммед баласымен бірге қыркүйектің басында Каирде АҚШ елшілігінің алдында Мұхаммед пайғамбарды қорлайтын фильмге наразылық акциясында "Інжілді жыртып, өртеді" деп отыр. Телеарна иесіне "Әл-Тахрир" газетіне берген сұхбатында христиандықты мазақтайтын пікір білдірді деген де айып тағылған.
XS
SM
MD
LG