Accessibility links

Көшербаев - премьердің орынбасары


Маңғыстау облысы әкімі Қырымбек Көшербаев ереуілші мұнайшылармен кездесуі кезінде. Жаңаөзен, 1 қыркүйек 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
Маңғыстау облысы әкімі Қырымбек Көшербаев ереуілші мұнайшылармен кездесуі кезінде. Жаңаөзен, 1 қыркүйек 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
Қырымбек Көшербаев премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Көшербаев бұдан бұрын президенттің кеңесшісі қызметін атқарды. Оған дейін, 2006 жылдың қаңтарынан бастап Маңғыстау облысының әкімі болған Қырымбек Көшербаев Жаңаөзен оқиғасынан кейін қызметінен кеткен.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұған қоса бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықованы президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы етіп тағайындады.
XS
SM
MD
LG