Accessibility links

Тәжікстан президенті азық қорын жинап алуға шақырды


Душанбелік диқан. Тәжікстан. (Көрнекі сурет).
Душанбелік диқан. Тәжікстан. (Көрнекі сурет).
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон халықты алда қыс қатты болатынын айтып, екі жылға жетерлік қор жинап алуға шақырды. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Рахмон әлемде тұтыну тауарларының бағасы қымбаттауына байланысты ауыл шаруашылық өнімдерін тиімді пайдалану қажет екенін де айтқан.

Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, Тәжікстан халқының төрттен үші фермерлікпен айналысады. Солай бола тұра, елдегі басты проблемалардың бірі - азық-түлік тапшылығы. Елдегі орташа айлық жалақы 100 АҚШ долларын құраса, орташа айлық зейнетақы - 15 АҚШ доллары көлемінде.

БҰҰ дерегі бойынша, жеті жарым миллион тәжік халқының жартысынан астамы кедейшілікте өмір сүреді.
XS
SM
MD
LG