Accessibility links

Pussy Riot мүшелері туралы ақпарат берушіге сыйақы ұсынды


Pussy Riot мүшелері сотта отыр. Мәскеу, 17 тамыз 2012 жыл.
Pussy Riot мүшелері сотта отыр. Мәскеу, 17 тамыз 2012 жыл.
Ресейдің Кремльге бүйрегі бұратын "Наши" жастар тобы Pussy Riot панк тобының бостандықта жүрген мүшелерінің қайда екенін хабарлаған адамға сыйақы ұсынды.

"Наши" тобының жетекшісі Константин Голоскоков сыйақының 50 мың рубль (шамамен 18 мың АҚШ доллары) екенін айтады. Ол сыйақыны көбейту үшін топтың интернет арқылы қосымша қаржы жинастырып жатқанын хабарлады.

Pussy Riot-тың үш әншісі "діни араздық негізінде бұзақылық жасады" деген айыппен түрмеде жазаларын өтеп жатыр. Топтың нақты қанша мүшесі бар екені белгісіз. Бірақ болжам бойынша топтың екі мүшесі елден кетіп қалған.
XS
SM
MD
LG