Accessibility links

Қытай соты диссиденттің шағымын қанағаттандырмады


Қытайлық диссидент суретші Ай Вэйвэй.
Қытайлық диссидент суретші Ай Вэйвэй.
Қытай соты танымал диссидент суретші Ай Вэйвэйдің "салықтан жалтарды" деген айыппен салынған 2,4 миллион АҚШ доллары көлеміндегі айыппұлдан босату туралы шағымын қанағаттандырмай тастады.

55 жастағы Ай Вэйвэй шағымды қараған Чаоян округтік сотының шешімін "масқаралық" деп атады.

Құқық қорғаушылар "Қытай билігі заң мен адам құқықтарын елемей отырғаны үшін үкіметті жиі сынайтын диссидентті райынан қайтару үшін жауапқа тартып отыр" деп болжайды.
XS
SM
MD
LG