Accessibility links

Ахмединежад: Батыс Иранды үрейлендіріп отыр


Иран президенті Махмуд Ахмединежад БҰҰ Бас ассамблеясының жиынында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 26 қыркүйек 2012 жыл.

Иран президенті Махмуд Ахмединежад БҰҰ Бас ассамблеясының жиынында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 26 қыркүйек 2012 жыл.

Иран президенті Махмуд Ахмединежад БҰҰ Бас ассамблеясында сөз сөйлеп, "Батыс Тегеранды ядролық бағдарламасына қатысты үрейлендіріп отыр" деді. Ахмединежадтың сөзіне АҚШ пен Израиль байкот жариялады.

Ал осы уақытта Нью-Йорктегі БҰҰ ғимаратының алдында мыңдаған адам Иран режиміне қарсылық танытты.

25 қыркүйекте АҚШ президенті Барак Обама Иранның ядролық бағдарламасы туралы айта келіп, Құрама Штаттар ол мәселені дипломатиялық жолмен шешуге ұмтылып отырғанын, бірақ оның уақыты шектеулі екенін айтқан еді. Ол "АҚШ-тың мемлекеттердің ядролық қаруды иелену хақын құрметтейтінін, бірақ Иранның ядролық қаруды иеленуі Израильге, Парсы шығанағы елдері мен әлемдік экономикаға қауіпті екенін" айтқан.
XS
SM
MD
LG