Accessibility links

Көклайсай шатқалында өрттен бір адам қаза тапты


Іле алатау ұлттық паркінің өрттен кейінгі жағдайы. Алматы, 7 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Іле алатау ұлттық паркінің өрттен кейінгі жағдайы. Алматы, 7 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Алматы облысындағы Көклайсай шатқалында сәрсенбіде болған өрттен бір ер адам қаза тапты деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Министрліктің ақпаратына қарағанда, кеше шатқалда 10 гектар аумақтағы қураған ағаш өртеніп, жапсарлас жатқан бірнеше саяжайды өрт шарпыған. Өрт тоғыз сағаттан кейін өшірілген. Өртенген саяжайдағы үйлердің бірінен 53 жастағы ер адамның мәйіті табылған.
XS
SM
MD
LG