Accessibility links

Ғалымдар: Бала ақыл-ойының кем болуы ата-анасынан емес


Зертханада жұмыс істеп отырған дәрігерлер. (Көрнекі сурет).

Зертханада жұмыс істеп отырған дәрігерлер. (Көрнекі сурет).

Еуропалық ғалымдар баланың ақыл-есінің кем болып туылуы оның ата-анасына байланысты емес, көп жағдайда геннің кездейсоқ түрде өзгеріске ұшырауынан болады деген қорытынды жасады.

Зерттеу жүргізген Цюрих медициналық генетика институты ғалымдарының ұйғаруынша, баласының ақыл-есі кем болып туылған ата-аналар келесі балалары да дәл солай мүгедек болып туылады деп алаңдамау керек.

Ғалымдар ақыл-есі кем 51 баланың генетикалық тегіне зерттеу жүргізіп, олардың кем дегенде 55 пайызының ата-аналарының ақыл*есінде ауытқушылық жоқ екені анықталған.
XS
SM
MD
LG