Accessibility links

Ассанж: Барак Обама қос стандартты саясат ұстанады


Джулиан Ассанж Лондондағы Эквадор елшілігінен телеконференция арқылы сөйлеп тұр. Лондон, 26 қыркүйек 2012 жыл.

Джулиан Ассанж Лондондағы Эквадор елшілігінен телеконференция арқылы сөйлеп тұр. Лондон, 26 қыркүйек 2012 жыл.

WikiLeaks вебсайтының негізін салған Джулиан Ассанж бүгін АҚШ президенті Барак Обаманы "қос стандартты саясат ұстанып отыр деп айыптады. Оның айтуынша, Обама "Таяу Шығыстағы сөз бостандығын қолдап, керісінше өзінің веб-сайтын қудалап отыр".

Лондондағы Эквадор елшілігінен интернет арқылы БҰҰ Бас ассамблеясының жиынына жолдаған үндеуінде Ассанж "өзінің жеке тәжірибесіне сүйеніп" сөз бостандығының қылмыстық сипат алуына АҚШ-тың өзге президенттерінен гөрі Барак Обама көбірек үлес қосты деді.

Джулиан Ассанж маусым айынан бері Швецияға экстрадицияланудан бой тасалап, Эквадор елшілігінде тұрып келеді. Швеция заң орындары оны "сексуалдық тұрғыда адамды қорлауы мүмкін сезікті" деп жариялаған еді. Ассанж Швецияны "өзін АҚШ-қа ұстап береді" деп санайды.

Ассанж құрған WikiLeaks вебсайты 2010 жылы АҚШ дипломаттарының мыңдаған құпия құжаттарын жариялап жіберген еді. Оның жабық ақпаратты жалпыға әшкере қылу әрекетін Вашингтон қатаң түрде айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG