Accessibility links

«Алматының» 40-тан аса журналисі жұмыстан кетпек


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

«Алматы» телеарнасының 40-тан аса қызметкері жұмыстан кету туралы арыз жазды. Олар «қала әкімдігі мен телеарна ішіндегі қысымнан шаршағандарын» айтады.

- Біраз уақыттан бері арнадан шығатын көптеген материалдарға тыйым салынып келеді: ұлттық мәселелерге қатысты, әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерге қатысты. Тыйым қала әкімшілігінің баспасөз қызметінен түсіп тұрды. Бұдан бөлек арна ішінде арандатушылық, сөз жеткізу деген жайттар орын алып жатыр. Сондықтан бір ғана бөлім емес, жаңалықтар қызметі мен бағдарламалар редакциясы ынтымақтастық танытып, өз еркімізбен жұмыстан кетуге өтініш жаздық. Қазанның бірінен бастап. Әзірге өтініш жазғандар - 40-тан астам адам, - деді Алматы арнасының продюссері Досан Қызайбекұлы Азаттық тілшісіне.

Оның сөзінше, басшылық кейбір тақырыптарға «ондай мәселелерді айтып дүрліктірмеу керек» немесе «саясатқа қарсы» деген негізде тыйым салған.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, «Алматы» телеарнасының қызметкерлері Байзақ Асылбеков есімді азаматтың бас редакторлыққа тағайындалуына наразылық ретінде жұмыстан кетпек.

«Алматы» телеарнасының басшылығына хабарласқанымызда, өзін бас директордың хатшысы Әсел деп таныстырған қызметкер «бұл мәселеге қатысты әзірге түсініктеме бере алмайтындарын» айтты.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG