Accessibility links

Исламға қарсы фильмнің авторы қамалды


Накула Басселиді полиция қызметкерлері ұстап әкетіп барады. Калифорния штаты, АҚШ. 27 қыркүйек 2012 жыл.
Накула Басселиді полиция қызметкерлері ұстап әкетіп барады. Калифорния штаты, АҚШ. 27 қыркүйек 2012 жыл.
АҚШ-тың Калифорния штатында исламға қарсы даулы "Мұсылмандардың пәктігі" атты видеоның авторы делінген 55 жастағы Накула Бассели қамауға алынды.

Сот Накуланың фильмді түсіру барысында "2011 жылы банкте алаяқтық жасады" деген іске тартылып, кейін босатылған кездегі шарттарды бұзған-бұзбағанын анықтамақ.

Аталған іс бойынша сотқа тартылып, кейін босатылған кезде оған белгілі бір мерзімге дейін бақылаушы органның рұқсатынсыз интернетті пайдалануға тыйым салынған.

Египеттен шыққан копт Накула Бассели интернетте жарияланған "Мұсылмандардың пәктігі" фильмі ислам елдерінде мұсылмандар наразылығын тудырған соң танымал болды.
XS
SM
MD
LG